"Барыс" бүгін ҚХЛ-дегі ең нашар командамен ойнайды

Турнир кестесінде астаналық клуб алтыншы.

Бүгін, 16 қазанда "Барыс" өз мұзайдынында Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы келесі матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда ригалық "Динамомен" матч өткізеді. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 19:30. Матчті QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады.

Қазіргі таңда 16 матчта 23 ұпай жинаған "Барыс" ҚХЛ турнир кестесінде алтыншы келеді. "Динамо" 17 ойындағы он баллмен соңғы орында.

Еске салайық, "Барыс" латвиялық клубпен соңғы үш ойында да ұтқан - 6:0, 7:3, 3:1.


  0