Алматыда өтетін "Барыс" - "Спартак" матчіне тікелей трансляция

Ойын 19:30-да басталады.

Бүгін, 17 қыркүйекте астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында Алматыда матч өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команданың қарсыласы мәскеулік "Спартак". Ойынның басталуы жергілікті уақытпен 19:30. Матчті QazSport арнасынан тамашалауға болады.

Жеті ойын қорытындысы бойынша мәскеулік клуб ҚХЛ Батыс конференциясында жетінші орында. Ал "Барыс" Шығыс конференциясында тоғызыншы. 


  0