"Барыстың" ҚХЛ-дегі қарсылас аренасындағы серияның соңғы матчіне тікелей трансляция

Коамнда Владивостоктың "Адмиралымен" ойнайды.

Бүгін, 13 қыркүйекте "Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында "Адмиралмен" ойын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Владивостокта өтетін кездесу Қазақстан астанасының уақытымен 15:30-де басталады. ҚХЛ-ТВ және QazSport арансы матчті тікелей эфирде көрсетеді. Ойынды интернеттен мына жерде тамашалауға болады.

Еске салайық, "Барыс" маусымның бастапқы ойнында "Адмиралды" өз аренасында қабылдап, ұтылған болатын. Бүгінгі кездесу қазақстандық клуб үшін қарсылас алаңындағы серияның соңғысы.

"Барыс" бес ойында алты ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде алтыншы келеді. "Адмирал" екі ұпай кем жинады және тоғызыншы орында, дегенмен, ресейлік команданың әлі бір ойыны бар. 


  0