"Барыстың" ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы бесінші матчіне тікелей трансляция

Ойын Хабаровскте өтеді.

Бүгін, 11 қыркүйекте "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында Хабаровск қаласының "Амур" командасымен матч өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Хабаровскте СЗК "Платинум-Аренада" өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 15:00. QazSport арнасы ойынды тікелей көрсетеді. Интернеттегі трансляцияны мына жерден тамашалай аласыз. 

Қазіргі таңда "Барыс" төрт ойында төрт ұпай жинады (екі жеңіс пен екі ұтылыс) және Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші. "Амур" бір ұпаймен соңғы, 12-ші орында.

Еске салайық, Андрей Скабелка жаттықтыратын хоккей командасы маусым басындағы ойында Владивостоктың "Адмирал" клубынан ұтылды - 1:3, осыдан кейін "Амурды" ұтты - 3:2. Ал қарсылас мұзайдынындағы серияны жеңілістен бастады - "Куньлунь" (0:1). Алайда қарымтада қытайлық команданы 3:2 есебімен жеңді.


  0