Қазақстандық Олимпиаданың алтын жүлдегері Азия чемпионатынан шығып қалды

Ауыр атлетикадан жарыс Қытайда өтіп жатыр.

2016 жылғы Олимпиада чемпионы қазақстандық Нижат Рахимов Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

89 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Рахимовтың жаттығу кезінде ескі жарақаты сыр берген. Осыған байланысты Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы спортшыны жарыстан түсіру туралы шешім қабылдады. 

Мұның алдында, осы жарыста ерлер арасында үш қазақстандық спортшы шықты. Арли Чонтей (55 келіге дейін) және Денис Уланов (81) қол иеленді, ал Фархад Харки 67 келіге дейінгі салмақта оныншы болды.

Әйелдер арасында әзірге жүлде жоқ. Зульфия Чиншанло (55) төртінші, ал Карина Горичева (64) бесінші болды.


  0