Қазақстандық ауыр атлет Халықаралық турнирде рекордты салмақ көтерді

Спортшы құрама қоржынына екінші алтынды салды.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан халықаралық чемпионатта Қазақстан құрамасы екінші алтын иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

67 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Сайхан Тайсуев әлем чемпионы атанды. Қоссайыс жиынтығы бойынша ол 288 келі (жұлқа 127 + серпе 161) көтерді.

Olympic.kz мәліметінше, Тайсуев өз жасында жұлқа көтеруде әлемдік рекорд орнатты, ал қоссайыс жиынтығы бойынша әлемдегі ең жоғары көрсеткішті қайталады. 

Мұның алдында 61 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасы қоржынына алтынды Ақмолда Сайрамкез салған болатын. Қоссайыс жиынтығы бойынша ол 257 келі (жұлқа 112 және серпе 145) көтерді.



  0