Чиншанло салмағында биылғы ӘЧ жеңімпазы мен Олимпиада чемпионы допингпен ұсталды

Ашхабадта екінші болған спортшы да шеттелді.

Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жеңімпаздары тайландтық Сопита Танасан және Сукания Срисураттың Ашхабадта өткен 2018 жылғы әлем чемпионатындағы сынамаларынан допинг табылды. Бұл туралы "Р-Спорт" порталы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайтына сілтеме жасап хабарлады.

2018 жылғы ӘЧ-де Срисурат 55 келіге дейінгі салмақта чемпион болды. Тансан 48 келіге дейінгі салмақта 2016 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы. 

Сонымен қатар, Тайландтың тағы бірнеше спортшысы - Читчанок Пулсабсакул мен Ашхабадта 45 келіге дейінгі салмақта алтын алған Тхуня Сукхароен сынамасынан допинг шықты.

Танасан, Сукхароен және Срисурат ағзасында экзогенді тестостерон, ал Пулсабсакулдан - экзогенді андростан табылды. Сонымен бірге, оларда анаболик іздері де анықталған. Барлығы уақытша шеттелді.

Айта кетейік, 2018 жылы Ашхабадта өткен әлем чемпионатына 55 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Зульфия Чиншанло да қатысқан. Ол 213 келімен бесінші болды.

Сонымен бірге, допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін екінші болған румыниялық Кристина Йову да уақытша шеттелді.


  0