Қазақстандық ауыр атлет 2018 жылғы әлем чемпионатының В тобында бірінші болды



Қазақстандық Раушан Мешітханова Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2018 жылғы Әлем чемпионатының В тобында бірінші болды. Спортшы 81 келіге дейінгі салмақта сайысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Түркменстан астанасындағы жарыста Мешітханова қос сайыс қорытындысы бойынша 223 (108+115) келі көтерді. Жұлқа көтеруде ол бірінші, ал серпе көтеруде бесінші болды.

Екінші орында белгиялық Анна-Мари Фанбеллингхен - 220 (98+122), ал үшінші түркменстандық Айсолтан Айчиева - 219 (98+121). А тобындағы жарыс бүгін, 8 қараша кешкі бағдарламада өтеді. 


  0