Қазақстандық атлет 2018 жылғы Әлем чемпионатында В тобында екінші болды

Әзірге Қазақстанда тек екі жүлде.

Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақта В категориясының жарысы аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүл жарыста Қазақстан атынан 20 жастағы Екатерина Быкова шықты. Жұлқа көтеруде ол 91 келіні бағындарды, ал серпе көтеруде ең жақсы нәтиже көрсетті - 119 келі. Қос сайыс қорытындысы бойынша Быкова 210 келімен екінші болды. 

2018 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Столяренко В тобында екінші болды

Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында екі жүлде ғана. 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей күміс және 75 келіге дейінгі салмақта Надежда Лихачева қола жүлде иеленді. 


  0