Қазақстан 2018 жылғы Әлем чемпионатында екінші жүлде жеңіп алды

Бұл әйелдер арасында алғашқы жүлде.

Қазақстандық Надежда Лихачева Ашхабадта  өтіп жатқан ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Лихачева 242 (112+130) келі көтерді. Бұл салмақта алтынды әлемнің жаңа рекордын орнатқан қытайлық Ван Ли Чжан алды - 267 (115+152), ал күміс жүлде мысырлық Сара Ахмедте - 252 (111+141).

Айта кетейік, 23 жастағы Лихачева 2017 жылы Қазақстанға келген. Мұның алдында ол Ресей құрамасында болған және 2015 жылғы Еуропа чемпионатында күміс иеленген. 

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында екі жүлде - мұның алдында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей күміске қол жеткізген еді. 


  0