Ильин биылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімінде жүр

Бұл жарысқа жалпы 20 спортшымыз қатысады.

Түркменстан астанасында өтетін ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысушылардың тізімі анықталды. Қазақстан құрамасы атынан шығатын 20 зілтеміршілер арасында Илья Ильин де бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Илья Ильин карьерасын аяқтау туралы айтты

Ашхабатқа сапар алдында әлемнің төрт дүркін чемпионы жарысқа спортшы ретінде қатыспайтынын мәлімдеген еді. Алайда соңғы тізімде Ильин бар. Ал ол әлем біріншілігінде өнер көрсете ме, жоқ па әлі белгісіз. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы бұл мәселеге пікір білдірмеді. Ильиннің қатыспайтынына қатысты бір ғана жайт - бапкерлер штабының 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Александр Зайчиковты Ильин өнер көрсететін 102 келі салмақ категориясына ауыстыру шешімі. 

Сонымен қатар, құраманың бас бапкері Юрий Мельников өз мәлімдемесінде Ильиннің сөзін растаған болатын. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ильиннің шешіміне пікір білдіріп, орнын кім басатынын айтты

Биылғы әлем чемпионатына қатыстындар тізімі:

Ерлер

- Арли Чонтей (А тобы, до 55 келі);
- Фархад Харки (В тобы, до 67 келі);
- Нижат Рахимов (А тобы, до 73 келі);
- Айдар Қазов (В тобы. до 81 келі);
- Денис Уланов (В тобы, до 89 келі);
- Рүстем Сыбай (А тобы, до 96 келі);
- Илья Ильин, Александр Зайчкиков (А тобы, до 102 келі);
- Ибрагим Берсанов (В тобы, до 109 келі);
- Ердос Сайлау (С тобы, свыше 109 келі)

Әйелдер

- Зульфия Чиншанло (А тобы, до 55 келі);
- Сауле Садуақасова (В тобы, до 59 келі);
- Асем Садықова (В тобы, до 64 келі);
- Карина Горичева (В тобы, до 64 келі);
- Екатерина Столяренко (В тобы, до 71 келі);
- Надежда Лихачева (А тобы, до 71 келі);
- Екатерина Быкова (В тобы, до 76 келі);
- Раушан Мешітханова (В тобы, до 81 келі);
- Айзада Мүпділда, Александра Аборнева (С тобы, 87 келіден аса)

Жарыс қазанның 1 мен 10-аралығы Ашхабадта өтеді. Онда 16 жүлде ойнатылады - ерлер мен әйелдерге төрт-төрттен.

Айта кетейік, әлем біріншілігі IWF атқарушы комитеті 2018 жыл шілдеде қабылдаған жаңа ережелер бойынша өтеді.


  0