Ильин жоқ. Беларусьтегі маңызды турнирге Қазақстан атынан қатысатын атлеттер тізімі

Бұл жарыс квалификациялық.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Илья Ильин Белареусьте өтетін маңызды квалификациялық турнирге қатыспайды, - деп хабарлайды Vesti.kz Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Гродно қаласында өтетін Alexander Cup турниріне бес қазақстандық спортшы қатысады.

Осылайша, Нижат Рахимов (81 келі), Денис Уланов (81), Игорь Сон (55), Зульфия Чиншанло (55) және Екатерина Быкова (71) өнер көрсетеді.

Беларусьтегі турнир Олимпиада рейтингіне қажетті міндетті жарыстар санына кіреді. 

Айта кетейік, Беларусьтегі жарысқа 300 атлет қатысады. Турнир бүгін, 1 қарашада басталып, 5 қарашада аяқталады.


  0