Грек-рим күресінен тек 6 балуанымыз ғана әлемдік рейтингте үздіктер қатарында



Грек-рим күресінен тек 6 балуанымыз ғана әлемдік рейтингте топ 20-ның қатарына қосылды.\, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Грек-рим күресінен 80 келіде ел намысын қорғайтын Асхат Ділмұхамедов әлемдік рейтингте үздік бестікке жайғасып, қазақ балуандарының арасында ең жоғарғы көрсеткішке ие болып тұр. Дәл осы салмақта белдесетіін тағы бір балуанымыз Голден гран-при турнирінің қола жүлдегері Даулет Жақсылықов 20 орыннан жай тапқан. Бұл салмақтың көшін әлем чемпионы Рамазан Абачарев бастап тұр. Түрік балуаны Аслан Атем екінші орынға жайғасып, үздік үштіктің қатарына Ласло Сабо орнасса, қырғыз балуаны Жонибек Отабеков төртінші орынды еншілепті.

59 келіде жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген Рио Олимпиадасының чемпионы Исмаель Борреро көш бастаса, Риода сенсация жасаған балуандардың бірі Шинобу Ота екінші орынға тұрақтаған екен. Ал қоңсы жұрттың абыройын асқақтатқан Елмұрат Тасмұратов төртінші орынға жайғасқан. Бұл салмақта ел намысын қорғайтын Алмат Кебіспаев 9 сатыда болса, тағы бір талантты жас балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов 16 орынға жайғасқан екен.

66 келіде белдесетін Демеу Жадыраев  әлемдік рейтингтің 16 орнынан бір-ақ шығыпты. Рио Олимпиадасында үздік өнер көрсеткен Дафор Штефанек, Мигран Арутюнян, Расул Чунаев және Шмаги Болквадзе алдыңғы қатарларда орналасса, үздік бестікті Рю Хан Су қорытындылап тұр.

71 келіде Асхат Жаңбыров әлемдік рейтингтің 19 орнында тұрса, 75 келіде белдесетін Азия чемпионы Досжан Картиков 11 орынға тұрақтаған. 75 келіде екі дүркін Олимпида чемпионы Роман Власаов көш тізгінін қолына алса, екінші орынды дат Марк Мадсен иелік еткен. Риода жанкештілік танытқан Ким Хен У үздік үштікте, ал Сайд Абдевали төртінші орынды місе тұтқан.

Өкінішке қарай, 85, 98, 130, келіде белдесетін балуандарымыз әлемдік рейтингке ілінбей қалған


  0