Қазақстандық палуан Париждегі әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Финалға таласта ол Еуропа чемпионын жықты.

Грек-рим күресінен қазақстандық палуан Демеу Жадыраев Париждегі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласта Жадыраев Германия өкілі Франк Штеблермен кездесіп, жеңіліп қалды - 3:8. 

Айта кетейік, жартылай финалда отандасымыз Еуропа чемпионы венгриялық Балинта Корпашиді жықты. Ол өз кезегінде қола медаль еншіледі.



  0