Тұңғыш рет Қазбек Карамуллин турнирі ұйымдастырылды

Бірінші рет өткізілген турнирге қаланың түрлі күрес үйірмелерінен 290-ға жуық жас балуандар қатысты.

Алматы қаласының күрес федерациясы грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында тұңғыш рет Теміржолшылар және ардагерлер арасында Әлем чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қазбек Карамуллинді еске алуға турнир өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі

Шараның ашылу салтанатына Олимпиада және Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, елімізге белгілі балуандар Нұрбақыт Теңізбаев, Әсем Мәмбетов, Абырой Оразбеков, Вячеслав Топырев, Жақсыбай Бәзілбаевтар қатысып, құрметті қонағы болды. Бірінші рет өткізілген турнирге қаланың түрлі күрес үйірмелерінен 290-ға жуық жас балуандар қатысты. 

2003-2005 жылы дүниеге келген жас балуандар өзара сынға түсіп, үздіктері анықталды. 24 кг, 27 кг, 30 кг, 33 кг, 36 кг, 39 кг, 42 кг, 46 кг, 50 кг, 54 кг, 58 кг, 63 кг және 69 кг салмақ дәрежелері бойынша белдесулер өтіп, турнирдің тұңғыш жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Атап айтқанда, ең жеңіл салмақ – 24 келіде Нұрдаулет Еркінбек, 27 келіде - Сұлтанбек Байзақов, 30 келіде - Айдын Текебай, 33 келіде - Аслан Иванов, 36 келіде - Айдар Айдарханов, 39 келіде - Әліби Жазкенұлы, 42 келіде - Дінислам Сағитхан, 46 келіде - Өмірәлі Мырзатай, 50 келіде - Нұршат Мейрамбек, 54 келіде - Бауыржан Оразалы, 58 келіде - Әкежан Мұратов, 63 келіде - Есім Тұрысбек, 69 келіде - Арсен Тұңғатаров жеңіске жетті.

Қалалық күрес федерациясы тарапынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді. Алдағы уақытта жарысты дәстүрге айналдырып, жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.




  0