Алматыда Жақсылық Үшкемпіров жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізеді

11 сәуір «Халық арена» мұз айдынында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жас жеткіншектермен кездесіп, шеберлік сабағын өткізеді.

11 сәуір «Халық арена» мұз айдынында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жас жеткіншектермен кездесіп, шеберлік сабағын өткізеді. Бұл туралы Алматы қаласының  Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жас буын өкілдері даңқты балуаннан  күрестің айла-тәсілдерін үйренуге  мүмкіндік алады.

Естеріңізге сала кетсек, мұндай шеберлік сабақтары әр 10 күн сайын атақты спортшылармен өтетін болады. Осындай  мүмкіндікті пайдаланып жеткіншектер  еліміздің белді балуандарымен, оның ішінде  Олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия және Еуропа  біріншіліктерінің және  көптеген халықаралық турнирлердің  жеңімпаздарымен шеберліктерін шыңдайды. Мұндай жүздесулер жас спортшылардың жігерін көтеріп, биік жетістіктерге жетуіне себеп болары анық.


  0