Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Әзірге сегзі салмақтағы балуандар анықталды.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы 14 қыркүйек Нұр-Сұлтанда өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, - деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазіргі таңда бапкерлер штабы Қазақстан атынан белдесетін сегіз салмақтағы балуандарды нақты атады:

55 келі: Қорлан Жақанша
60 келі: Мейрамбек Айнағұлов/Айдос Сұлтанғали
63 келі: Алмат Кебіспаев
67 келі: Мейіржан Шермаханбет
72 келі: Демеу Жадыраев
77 келі: Асхат Ділмұхамедов
82 келі: Мирас Баршылықов/Мақсат Ережепов
87 келі: Азамат Күстібаев
97 келі: Ерұлан Ысқақов
130 келі: Дамир Күзембаев

60 және 82 келіге дейінгі салмақта ел намысын нақты кімдердің қорғайтыны жақын күндері шешуші белдесулер қорытындысы бойынша белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан астанасында өтетін әлем чемпионаты лицензиялық болып есептеледі, мұнда 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама ұтып алуға болады. 




  0