Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын құрама сапы анықталды

Жарыс Нұр-Сұлтанда өтеді.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімін ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Команданы толық жасақтау үшін 65, 86, 92 және 125 келідегі салмақтағы балуандар арасында қосымша белдесулер өткізілді.

Осылайша, 65 келіде тәжірибелі Дәулет Ниязбеков жеңіске жетті. 86 келідегі Әділет Дәулембаев пен Азамат Дәулетбеков арасындағы белдесудің жеңімпазы болып Әділет танылды. 92 келідегі Ералы Әбдірашев пен Нұрғали Нұрғайыпұлының арасындағы кездесу соңғысының жеңісімен аяқталды. 125 келіде Олег Болтин Юсуф Батырмұрзаевтан басым түсті.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының тізімі:

57 келі: Нұрислам Санаев
61 келі: Расул Қалиев
65 келі: Дәулет Ниязбеков 7
0 келі: Нұрғожа Қайпанов
74 келі: Данияр Қайсанов
79 келі: Ғалымжан Өсербаев
86 келі: Әділет Дәулембаев
92 келі: Нұрғали Нұрғайыпұлы
97 келі: Әлішер Ерғали
125 келі: Олег Болтин

"Бұл күндері Алматыдағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Бізбен бірге Қырғызстан құрамасы мен Қытайлық Тайпей елінен үш балуан дайындалуда. 24 тамызға дейін АІВА-да жаттығып, дайындықтың соңғы кезеңін Нұр-Сұлтанда өткіземіз. 1 қыркүйектен бастап шешуші жаттығы жиыны жоспарланған", - дейді Серікбаев.


  0