Нұрислам Санаев еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Азия чемпионы.

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Венгия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақта белдесетін спортшымыздың финалдағы қарсыласы ресейлік Завур Угуев. Алтын үшін белдесу бүгін Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады. Жартылай финалда Санаев америкалық Томас Гилманды 11:0 есебімен жеңген, ал ресейліктің қарсыласы жапониялық Юки Такасахи болған - 7:2. 

27 жастағы Санаев 2018 жылы Бішкекте өткен жарыстың алтын жүлдесін иеленіп, Азия чемпионы атанған.


  0