Әлем кубогында күресетін балуандарымыздың қарсыластары белгілі болды

Әлем кубогында күресетін балуандарымыздың қарсыластары белгілі болды.

Әлем кубогына қатысатын Ұлттық құрама балуандарының қарсыластары белгілі болды.

АҚШ елінде еркін күрестен өтетін дүбірлі додада сынға түсетін балуандарымыз B тобына түскен. Енді балуандарымыз осы топтағы Әзірбайжан, Куба, Үндістан елдерінің спортшыларына қарсы белдесетін болады. Ал А тобында АҚШ, Жапония, Грузия, Маңғолия елінің спортшылар өзара мықтыны анықтайтын болады. Бұл додада ел намысын 65 келіде Саятбек Оқасов, 70 келіде Мейіржан Әшіров, 74 келіде Данияр Қайсанов, 79 келіде Сәкен Айтжанов, 86 келіде Эльхан Асадов, 92 келіде Чилаев Илизхан, 97 келіде Мамед Ибрагимов және аса ауыр салмақта Дәулет Шабанбай, Ермұхамед Іңкәр, Олег Болтин сынды балуандар қорғайтын болады.

Айта кетейік, Әлем кубогы 7-8 сәуірде АҚШ-тың Айова сити қаласында өтеді. Бұл жарысқа көбіне жас балуандарымыз бара жатыр. Ал виза мәселесі шешілмегендіктен 57 мен 61 келіде балуандарымыз жоқ.


  0