Дәулет Ниязбеков еркін күрестен Азия чемпионы атанды

65 келі салмақ дәрежесінде белдесетін отандасымыз финалда Даичи Такатаниді ұтты

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Бішкекте өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында алтын медальға қол жеткізді.

65 келі салмақ дәрежесінде белдесетін отандасымыз финалда Даичи Такатаниді ұтты (11:0).

Тағы екі отандасымыз Жандос Ысмаил (57 келі) мен Мейіржан Әшімов (70 келі) Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Жандос ирандық спортшыны жеңсе, Мейіржан моңғол балуанынан басым түсті.


  0