Ресейдің Олимпиада чемпионы қазақ балуандарын жаттықтырады

Бұған дейін екінші бір маман Сергей Белоглазов қызметінен кеткен еді.

Еркін күрестен 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Хаджимурат Гацалов Қазақстан құрамасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Еркін күрестен әлемнің бес дүркін чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 

2017 жылдың ақпан айында Қазақстан құрамасының тағы бір ресейлік бапкері Сергей Белоглазов қызметінен кетіп, оның орнына Әсет Серікбаев тағайындалған еді. Ал оның кеңесшісі қызметін дағыстандық Маирбек Юсупов атқарды. 

Бүгін енді Қазақстан құрамасына Аланияның тумасы, 34 жастағы Хаджимурат Гацаловтың кеңесші қызметіне келгені белгілі болды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасына Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Маирбек Юсупов та ресми тағайындалды. 


  0