Әйелдер арасында кәсіби футболшылар саны екі есе артыпты

Бұл 2017 жылдан бергі көрсеткіш.

UEFA-ның Еуропадағы бөлімшесі әйелдер футболын дамыту бойынша бес жылға арналған стратегияны таныстырды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың мақсаты - 2024 жылға дейін нәзікжанды аяқдопшылардың санын ұлғайту. Нақтырақ айтқанда, UEFA-мен одақтас 55 ұйымның құрамындағы ойыншылар санын 2,5 мииллионға жеткізу. Осылайша, әйелдер арасындағы Еуропалық біріншілік пен Чемпиондар лигасының беделін арттырмақ ниетте.

Халықаралық деңгейдегі теңбіл доп шеберлеріне тиісті стандарттар енгізіп, спортшылардың әл-ауқатын жақсарту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ нәзікжанды спортшылардың мүддесін қорғайтын мамандарды көптеп тарту қолға алынады. Жалпы әйелдер арасындағы кәсіби футболшылар саны 2017 жылдан бері екі есеге артқан.


  0