Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын қабылдаған стадионда ойнайды



Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Ресей мен Қазақстан құрамалары қай стадионда ойнайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды ресейлік команданың баспасөз қызметі.

Ресей мен Қазақстан матчы Калининградтағы қала аттас стадионда өтеді. Ол 2018 жылы Ресейдегі әлем чемпионатының матчтарын қабылдау үшін арнайы салынған. Аренаға 35 016 жанкүйер сыяды.

Айта кетейік, бұл матч 9 қыркүйекте өтеді. "Астана Аренада" өткен алғашқы ойында Ресей құрамасы Қазақстанды 4:0 есебімен жеңген болатын.

Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің алғашқы екі турынан соң Қазақстан мен Ресей құрамаларында үш ұпайдан бар.


  0