Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген.

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып 53 жастағы чех маманы Михал Билек тағайындалды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан Футбол Федерациясының сайтына сілтеме жасап.

"Михал Билектің жаттықтырушылар штабына енгендер: көмекшілері - словакиялық Михал Хипп және Талғат Байсуфинов, қақпашылардың жаттықтырушысы - Николай Родионов.", - делінген федерацияның сайтында.



Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған. Жаттықтырушы қызметін чехиялық "Теплице" клубында бастады. Сонымен қатар, "Картахинес" (Коста-Рика),"Хмел", "Виктория Плзень", "Спарта Прага", "Высочина" (барлығы - Чехия), "Ружомберок" ("Словакия"), "Динамо Тбилиси" (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны - чехиялық "Фастав Злин" командасы.


  0