Андорра - Қазақстан кездесуіне исландиялық төрешілер тағайындалды

Оның қапталдағы көмекшілері Йоханн Гудмундссон және Биркир Сигурдарсон.

Исландиядан келген төрешілер тобы УЕФА Ұлттар Лигасының матчында қызмет атқарады, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

33 жастағы Вильяльмюр Тораринссон бас төреші болып тағайындалды. Оның қапталдағы көмекшілері Йоханн Гудмундссон және Биркир Сигурдарсон.

Бас төрешінің қақпа артындағы көмекшілері - Тороддюр Хьялталин және Ивар-Орри Кристьянссон. Қосалқы төреші: Фрости-Видар Гуннарссон.

УЕФА Ұлттар Лигасындағы Андорра-Қазақстан матчы 10 қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталады. "Qazsport" телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетпек.


  0