Қазақстан мен Армения клубтарының футболшылары матч кезінде төбелесіп қалды

"Қайсар" мен "Бананц" футболшылары төбелесіп қалды.

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде Ереванның «Бананц» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Ойын соңында футболшылардың жүйкесі сыр беріп, жаппай қақтығыс орын алды.

Ойындағы командалық қақтығыс еревандық клуб ойыншысы тарапынан басталғанын кездесу қайталауынан байқауға болады. «Бананц» ойыншыларының бірі Акоп Амбарцумян «Қайсар» капитаны Мақсат Байжановты иықпен қағады. Нәтижесінде футболшылар қызбалыққа салынып, жаға ұстасқан. Төреші екі футболшыны да алаңнан қуды.



Ойында «Қайсар» қарсыластарын 2:0 есебімен ұтты. 9 минутта Стефан Николич есеп ашса, 19 минутта Матиас Курьор ойындағы екінші голды еншісіне жазды. 


  0