Қазақстан құрамасында ойнауға дайынмын, бірақ, ол үшін төлқұжат пен федерацияның шақыртуы қажет - Гоу

Жерар Гоу тағы да Қазақстан құрамасында ойнауға дайын екенін айтты.

"Қайрат" клубының ивуарлық шабуылшысы Жерар Гоу УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында неліктен Қазақстан құрамасында ойнағысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы футболшы алматылық команданың сапында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Қазақсатн чемпионатында ол 70 матч өткізіп, 56 гол соққан және екі рет турнирдің үздік сұрмергені атанған. Оның "Қайрат" клубымен келісім шарты 2017 жылдың желтоқсанында аяқталады.

"Қайрат" командасына келерге дейін Гоу ресейлік "Краснодар", түркиялық "Кайсери Эрджиесспор" және "Динизлиспор", швейцариялық "Ксамакс", марокколық "Хассани Агадир" және өз елінің "ЖК Абиджан" сапында өнер көрсеткен.

- Жерар, бұған дейін сіз ұлттық құрамаңыздың сапында ойнағыңыз келетіні туралы айтып едіңіз. Сіздің Қазақстандағы жетістіктеріңіз жайлы Кот-д'Ивуарда біле ме?

- Әрине, туған жерімде менің жетістіктерім жайлы біледі. Бірақ ашығын айтайық - жаттықтырушылар Қазақстан чемпионатының деңгейі ұлттық құрамаға шақырту алатындай деңгейде емес деп есептейді.Біздің құрамада ілінетін футболшылардың легі - Франция, Испания мен Ұлыбританияда ойнайды. Сондықтан да Қазақстан не басқа да бәсі төмен біріншілікте ойнайтын футболшылардың құрамаға шақырту алу мүмкіндігі төмен.

- Жақында Қазақстан құрамасында ойнауға дайн екеніңізді айтыңыз...

- Мен Қазақстанда жүргеніме екі жылдан асты, журналистер мен жанкүйерлер менен Қазақстан құрамасы үшін ойнауды жиі сұрайды. Мен Қазақстан құрамасы сапында ойнауға дайынмын, бірақ, ол үшін төлқұжат пен федерацияның шақыртуы қажет. Егер федерация қаласа мен дайынмын.

Айта кетейік, Жерар Гоу Кот-д'Ивуар ұлттық құрамасына кірмейді, алайда, футболшы бұл елдің олимпиадалық ( 23 жасына дейін) құрамында ойнаған .


  0