Мүмкін келесі жылы аяқтаймын - Криштиану Роналду карьерасы туралы

Португалиялық осы сәтпен рахаттану керегін айтады.

"Ювентус" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Қазіргі таңда бұл туралы ойланып жүргем жоқ. Мүмкін келесі жылы карьерамды аяқтармын. Дегенмен 40 немесе 41 жасқа дейін футбол ойнауым да мүмкін. Білмеймін... Әрдайым айтатыным, қазіргі сәттен ләзәт алу керек. Мен мұны жалғастыруым қажет", - деп келтіреді Marca Роналдудың сөзін TVI арнасына сілтеме жасап. 

Бұрын "Манчестер Юнайтед" және "Реал" сапында ойнаған португалиялық форвард Чемпиондар Лигасын, Англия чемпионатын үш рет, Испания чемпионатын екі рет және Италия чемпионатын ұтқан. Сонымен бірге, төрт рет клубтық әлем чемпионатын, УЕФА Суперкубогы мен Италия Кубогын жеңіп алған.




  0