"Барселона" Неймардың қайтып келуін жариялауға дайындалып жатыр - БАҚ

Осыған байланысты жанкүйерлерге арнап видео түсірілді.

"Барселона" франциялық "Пари Сен-Жермен" шабулшысы Неймарды командадағы жаңа ойыншы ретінде таныстыруға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" порталы RAC1 басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, каталондық клуб бразилиялық ойыншыны қайтару бойынша париждіктермен келісуге шақ қалды. "Барса" тіпті Неймардың аты жазылған бірнеше футболкаға да тапсырыс берген. Ал футболшы жанкүйерлерге арналған видеожолдау жазып та қойған. Бейнежазба келісім аяқталған соң жарияланады. 

Неймар "Барселона" сапында 2013 пен 2017 жылдар аралығы ойнап, кейін ПСЖ сапына рекордты 222 миллион еуроға өтті.  Өткен маусымда форвард париждік клуб үшін 28 матчте 23 гол соғып, 13 ассист жасады.


  0