ПСЖ Неймардың таптырмас футболшы екенін мойындады

Бразилиялықтың өзі клубтан кеткісі келеді.

"Пари Сен-Жермен" клубының бас бапкері Томас Тухель Франция чемпионаты екінші турында "Ренн" командасынан ұтылғаннан кейін (1:2) шабуылшы Неймардың болашағы туралы ойын айтты.

Қазіргі таңда бразилиялық футболшы жарақатынан сауығып жатыр, сондықтан өткен матчке қатысқан жоқ. Алайда Неймардың париждік командадан кеткісі келіп жүргені белгілі. 

"Неймардан айырыла алмаймыз, оның орнын ешкім баса алмайды. Ол бетпе-бет келгенде қарсыласын алдап өте алатын ойыншы, бұл кейде өте қажет. Егер оны ауыстыратын болсақ, орнына осы тұсынан мықты ойыншы керек.

Неймар "Реннмен" матчке неге қатыспады? Өйткені ол өзге ойыншылармен әлі жаттықан жоқ, сондықтан жарақат алу қаупі жоғары", - деп келтіреді Тухельдің сөзін Marca басылымы.

Неймардің өзі "Барселонаға" қайтқысы келеді, осыған байланысты еңбекақысын 38 миллион еуродан 23 миллионға азайтуға дайын. Сонымен бірге, бразилиялыққа мадридтік "Реал" да қызығып отыр.


  0