Қазақстан "Астананың" Еуропа Лигасындағы жеңісінен кейін УЕФА коэффициенттер рейтингінде көтерілмеді

Қазақстаннан жарысты бір ғана клуб жалғастырады.

Қазақстан Еуропа Лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчінен кейін УЕФА-ның клубтық коэффициенттер рейтингінде 25-ші орында қалды, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Еурокубоктардың 2019/2020 маусымынан бастап елдердің клубтар коэффициенті қауымдастық клубтарының 2015/2016 маусымындағы еурокубоктарда жеткен барлық нәтижелерінің негізінде жасалатын болады, сәйкесінше, 2014/2015 маусымында жинаған ұпайлар шегеріледі. 

УЕФА коэффициенттерінің кестесі:

1. Испания - 86.212 (2.857)

2. Англия - 74.748 (2.857)

3. Германия - 58.927 (2.857)

4. Италия - 58.510 (2.857)

5. Франция - 50.082 (2.500)

6. Ресей - 42.716 (1.833)

7. Португалия - 41.349 (2.200)

8. Бельгия - 32.100 (1.800)

9. Украина - 30.600 (1.700)

10. Түркия - 30.200 (1.600)

.......

23. Израиль - 19.625 (2.375)

24. Беларусь - 18.625 (2.250)

25. Қазақстан - 18.500 (2.625)

26. Әзірбайжан - 17.500 (2.125)

27. Польша - 16.500 (2.000)

28. Болгария - 15.625 (2,375)

* жақшада осы маусым рейтингі көрсетілген.

Еске салайық, "Астана" футболшылары Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында мальталық "Валлеттаны" 9:1 (5:1, 4:1) есебімен жеңіп, еурокубоктардағы жеке рекордын орнатты.

Енді Еуропа лигасы плэй-офф кезеңінде "Астана" беларусьтік БАТЭ-мен кездеседі. Матчтар 22 және 29 тамызда өтеді. Қазақстандық клуб алғашқы матчты өз алаңында өткізеді. Бұл жұптың қай жеңгені топтық кезеңге жолдама алады.


  0