"Оқжетпес" футболшысы көз жұмды

Ол небәрі 19 жаста болатын.

Көкшетаулық футбол мектебінің тәлімгері және "Оқжетпес" жастар командасының ойыншысы Роман Зюзин 19 жасында көз жұмды. Бұл туралы көкшетаулық колубтың ресми сайтында хабарланған.

"Туысың, дос пен жақыныңнан айырылған ауыр. Ал арамыздан жас, дені сау мықты жігіттер кетіп жатқаны қайғыны еселей түседі. "Оқжетпес" футбол клубы Роман Зюзиннің өмірден озуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді! Роман көкшетаулық футбол мектебінің тәлімгері және "Оқжетпестің" жастар командасында ойнады", - делінген хабарламада. 

Зюзин 2000 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Футболшының өлім себебі әзірге айытылмады.

Айта кетейік, осы маусымда Зюзин "Оқжетпестің" жастар командасы үшін Қазақстанның екінші лигасында 14 матч ойнап, бір гол соққан.



  0