Қазақстандық Зайнутдиновтың неге "Ростов" үшін ойнамай жатқаны белгілі болды

Ресейлік клубқа ол қаңтарда өткен.

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Ресей премьер-лигасында "Ростов" үшін жарақатына байланысты ойнамай жүр, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бүгінде футболшы Испаниядағы клиникалардың бірінде медициналық тексерістен өтіп жатыр. Осы себепті Зайнутдинов "Ростов" сапында РПЛ-де өнер көрсетіп жатқан жоқ. 

Зайнутдинов "Ростовқа" биыл қаңтарда қосылды. Өткен маусымда ол ростовтық клубпен Ресей чемпионатында тоғыз және Ресей кубогында екі матчта ойнады. Жаңа маусымда қазақстандық әлі алңаға шықпады.


  0