"Реал" үшін алғашқы голын соққан Азар командасын жеңіске жеткізді

Мадридтіктер бельгиялық футболшының трансферіне 100 миллион жұмсады.

"Реал" сапына жаңадан қосылған Эден Азар мадридтік клуб үшін алғашқы голын соқты.

28 жастағы бельгиялық футбошы "Ред Булл Зальцбург" клубымен жолдастық кездесуде ойнады. Ойын Зальцбургтегі "Ред Булл Арена" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Матчтегі жалғыз голды аустралиялықтар қақпасына Эден Азар 19-шы минутта салды.



Азар мадридтік "Реал" сапына "Челсиден" 100 миллион еуроға өткен болатын. Футболшы мен мадридтік клуб арасындағы келісімшарт 2024 жылдың жазына дейін есептелген. "Челси" сапында бельгиялық жартылай қорғаушы 2012 жылдан 2019 жыл аралығы ойнады.


  0