ПСЖ Неймардың кетуіне дайындалды

Париждіктер бразилиялықты босатуға дайын.

Франциялық "Пари Сен-Жермен" командадан Неймар кеткен жағдайға трансферлік амалын жоспарлап қойды.

Paris United ақпаратынша, париждіктер "Милан" қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма және "Ювентус" шабуылшысы Пауло Дибаланы қарастырып отыр. Бұл ойыншыларды шақыру ПСЖ спорт директоры Леонардоның жеке бастамасы екен.

Алайда Доннарумма мен Дибаланың трансфері Неймар басқа клубқа ауысқанда ғана мүмкін. ПСЖ бразилиялықтың басқа командаға өтуіне кедергі болмайды. Егер Неймар клубта қалса, трансферлік кезеңнің соңына дейін үлкен ақша жұмсай алмайды. 

Canal+ арнасының ақпаратынша, 25 жастағы аргентиналық үшін париждіктер 60 миллио еуро төлеуге дайын. Айта кетейік, Дибала "Манчестер Юнайтедке" ауысу керек болатын, бірақ, лондондық клуб футболшының қаржылық сұранысын ақтай алмайтындығына байланысты одан бас тартты. 


  0