"Астананың "Еуропа Лигасы топтық кезеңіне өтуге таласатын ықтимал қарсыласы анықталды

Жеребе бүгін тартылады.

Бүгін, 5 тамыз Ньонда Еуропа Лигасының төртінші іріктеу раундының жеребесі тартылады.

Бұл жеребеде "Астананың" да ықтимал қарсыласы анықталады. Астаналық клуб үшінші іріктеу раундында мальталық "Валлеттамен" ойнайды.

"Астана" ары қарай өткен жағдайда мына жұптардың ұтылғанымен ойнауы мүмкін:

АПОЭЛ (Кипр) - "Карабах" (Әзірбайжан);
ПАОК (Греция) - "Аякс" (Голландия);
"Марибор" (Словения) - "Русенберг" (Норвегия).

Немесе мына жұптардың жеңімпазымен:

"Сутьеска" (Черногория) - "Линфилд" (Солтүстік Ирландия);
"Лудогорец" (Болгария) - ТНС (Уэльс);
"Сараево" (Босния және Герцеговина) - БАТЭ (Беларусь);
"Слован" (Словакия) - "Дандолк" (Ирландия).

Жеребе Қазақстан астанасының уақытымен 17:30-да басталады. Төртінші іріктеу турының жеңімпазы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнайды.

"Астана" мен "Валлетта" арасындағы алғашқы ойын 8 тамыз "Астана Аренада"өтеді, басталуы 20:00. Қарымта ойын 15 тамыз түнде "Та-Али" стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.


  0