Гризманн "Барселонамен" алғашқы трофейін жеңіп алды

Каталондық жанкүйерлер оны жылы қарсы алды.

Испаниялық "Барселона" Жоан Гампер кубогы үшін ойында лондондық "Арсеналды" ұтты. 

Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Луис Суарес 90-шы минутта гол салды, ал 69-шы минутта қорғаушы Эйнсли Мэйтленд-Найлс өз қақпасына гол соқты. "Арсенал" сапынан 36-шы минутта Пьер-Эмерик Обамеянг гол авторы болды.

"Барселона" 1966 жылдан өткізіліп келе жатқан турнир тарихында Гампер Кубогын 42-ші рет ұтып тұр.



Айта кетейік, "Барселона" жаңа ойыншы Антуан Гризманнды жылы қабылдады, ойыншы Гампер Кубогында негізгі құрамда ойнады. Бұл франциялық футболшы үшін каталондықтар сапындағы алғашқы трофей. 

28 жастағы форвардты каталондық клуб мадридтік "Атлетикодан" 120 миллион еуроға сатып алған. Дегенмен мадридтік команда Гризманн үшін қосымша 80 миллион төлетіп алуға үмітті. 




  0