"Ордабасының" Еуропа Лигасындағы матчі кезінде алаңға жанкүйер жүгіріп шыққан

Оны ұстады.

Еуропа Лигасының "Ордабасы" мен чехиялық "Млада-Болеслав" матчінде алаңға жанкүйер жүгіріп шыққан. Бұл туралы Tengrinews.kz Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлап отыр. 

"Матч кезінде жанкүйерлердің бірі алаңға жүгіріп шықты, оны тәртіп сақшылары дер кезінде ұстап үлегрді. Қазіргі таңда полицейлер онымен тәртіптік жұмыс жүргізуде", - делінген хабарламада.

Ал ойынның өзі "Ордабасының" жеңілісімен аяқталды - 2:3. Екі кездесудің ортақ есебі бойынша "Млада-Болеслав" 4:3 есебімен жеңді.


  0