Роналду ізбасары одан асып түсті

Ол Гризманның нөмірін алды.

Мадридтік "Атлетико" португалиялық "Бенфика" форварды Жоау Фелиштің трансфері туралы хабарлады.

Испаниялық клуб 19 жастағы футболшы үшін 126 миллион еуро берген. Португалиялық ойыншы мен клуб арасындағы келісімшарт 7 жылға есептеліпті.

Мұның алдында шабуылшы "Атлетикода" жылына алты миллион еуро алатыны хабарланған. Футболшының агенті Жорже Мендеш келесімшарт соммасынан 30 пайыз түсім көреді. Жаңа командада Фелиш өзіне жетінші нөмірді алды, мұның алдында ол Антуан Гризманнға тиесілі еді. Франциялық ойыншы жақында команададан кеткен, алдағы күндері ол "Барселонаға" қосылу керек.

Фелиш португалиялық ойыншылар арасында тарихтағы ең қымбаты болып тұр. Оның трансфері Криштиану Роналдудың мадридтік "Реалдан" туриндік "Ювентуске" 112 миллион еуроға өтуінен қымбат болып тұр.

Сонымен бірге, Фелиштің трансфері футбол тарихындағы ең қымбат ауысулар арасында төртінші болып тұр. Футболшы үшін мұнан көп төлегендер ПСЖ - Неймар (222 миллион еуро) және Килиан Мбаппе (180) үшін, "Барселона" Филиппе Коутиньоның трансферіне (145).

"Атлетико" үшін де бұл рекордты трансфер болды. Бұған дейін команда үшін ең қымбат футболшы франциялық Тома Лемар болатын - 70 миллион еуро.

Аяғына жеткен маусымда Фелиш клубтық деңгейде 43 матчта ойнады. Оның есебінде 20 гол және 11 нәтижелі пас. Португалия құрамасы сапында ол бір матч өткізді.


  0