Бельгиялық агент Еуропаға кетуі мүмкін екі қазақстандық футболшыны атады

"Астана" мен "Қайрат" негізгі ойыншыларынан айырылуы мүмкін.

Жақында "Қайраттан" бельгиялық "Беерсхот" сапына өткен Ян Вороговский ізімен тағы бірнеше Қазақстан құрамасының футболшылары карьерасын Еуропада жалғастыруы мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бельгиялық агент Кен Ван Дейк бұл ақпаратты растады.

Вороговскийге "Беерсхотпен" келісімшартқа қол қоюға Ван Дейк көмектескен.

"Ян басқа да талантты қазақстандық ойыншыларға жол ашады деген сенімдемін. Осылайша, олар Бельгия және Еуропадағы өзге де мықты лигаларға өте алады деп ойлаймын. Меніңше Еуропада жақын арада Исламбек Қуат және Юрий Перцух ойнай алады. Бұл ойыншыларға бірнеше команда көз тігіп отыр", - дейді бельгиялық. 

Айта кетейік, Ван Дейк "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Исламбек Қуаттың агенті. Биылғы маусымда алматылық клубтың вице-капитаны ел чемпионатында 14 матчта (бір ассист) және Еуро-2020 іріктеу турнирінің төрт матчінде ойнады (бір гол және бір нәтижелі пас). Ал "Астана" хавбегі Юрий Перцух ҚПЛ-де17 матчте (екі гол, екі ассист) және Еуро-2020 іріктеуінде Қазақстан құрамасы сапында төрт кездесуде ойнады (Шотландия қақпасына жеңіс голы).


  0