"Уфа" Сейдахметтің орнын басатын ойыншы тапты

Қазақстандық шабуылшы "Қайратқа" өтті.

"Краснодар" футбол клубының тәлімгері Даниил Фомин "Уфа" футболшысы атанды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланған.

"Уфа" 22 жастағы жартылай қорғаушымен толыққанды келісімшарт жасасты, алайда, оның мән-жайы айтылмады.

Фомин 2014 жылдан бастап "Краснодар-2" сапында ойнай бастады. Соңғы екі маусымда хавбек жалға беру құқымен "Нижний Новгород" үшін ойнаған. 31 матче үш гол салды.

"Р-Спорт" ақпаратынша, "Уфа" Николай Гиоргобианиді де сапына алмақ. 21 жастағы Гиоргобиани өткен маусымды "Чайка" сапында өткізген. 24 матча екі гол салды.

25 маусымда "Уфа" қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметтің "Қайрат" сапына өтетіндігін хабарлаған. 19 жастағы футболшының трансфері үшін алматылық клуб 300 мың еуро берді.

Сейдахмет "Уфа" сапына 2018 жылдың ақпанында еркін агент ретінде ауысқан болатын. Бұл клубта ол ресми төрт матчқа қатысып, кейін болгариялық "Левскиге" ауысты да, ол жақта үш ойында алаңға шыққан еді.


  0