"Астана" Жуниор Кабананганы босатты

Бүгін жаздық трансфер ашылды.

"Астана" Конго құрамасының шабуылшысы Жуниор Кабанангамен қоштасты, - деп хабарлайды Vesti.kz ҚКФЛ ресми сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы Кабаганга "Астанада" 2015 пен 2017 жылдар аралығы ойнап, 56 матчте 29 гол салды. 2016 жылы жалға беру құқымен түркиялық "Карабюкспор" сапында ойнады. Мұнда ол жеті ойында екі гол соққан.

2018 жылы Кабаганга Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубымен 2,5 жылға келісімшарт жасады. Трансфер құны 1,8 миллион еуро болғанымен, саудиялықтар футболшы үшін екі миллион еуро берді, бұл сол кездегі қазақстандық футболдағы ең қымбат келісім болған еді. "Аль-Наср" үшін бес матчте Кабананга төрт гол салды.

Алайда арабиялық клуб конголезиялық ойыншыға ұнамай, ол қайтадан "Астанаға" келді. 2018 жылы 11 шілдеде астаналықтар оны бір жылға жалға алды. КПЛ-дің биылғы маусымында форвард 14 матчте ойнап, екі гол салды және екі нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, бүгін, 26 маусымда, ҚПЛ екінші трансферлік кезең ашылды. Ол 24 шілдеге дейін жалғасады.


  0