"Тобыл" Еуропа Лигасы алдында жаңа ойыншыны сапына алды

Оның есебінде екі алты жүлде мен екі Суперкубок бар.

Қостанайлық "Тобыл" жыл соңына дейін 35 жастағы голкипер Жасур Нарзикуловпен келісімшарт жасасқанын хабарлады, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Нарзикулов карьерасын 2005 жылы шымкенттік "Ордабасында" бастаған. Одан кейін "Ақтөбе" сапында болды. 2008 жылы Жасур Өзбекстанға көшіп, "Андижан", "Машал" мен "Кызылкум" командаларында ойнады.

2011 жылы Қазақстанға оралып, "Қайсарға" қосылды. Одан кейін үш маусым "Ақтөбе" командасында өнер көрсетті. Ал соңғы жылдары "Тараз", "Атырау" мен "Ордабасы" намысын қорғаған.

Нарзикулов есебінде екі алты жүлде мен екі Суперкубок бар.

Мұның алдында қостанайлық клуб Андрей Пасеченконың жалға беру құқымен павлодарлық "Ертіске" өткенін хабарлаған. Келісім жыл соңына дейін жасалды.

Айта кетейік, 10 шілдеде "Тобыл" Еуропа Лигасының бірінші іріктеу туры аясында люксембургта "Женесспен" ойын өткізеді. Бір аптадан кейін командалар "Астана Аренада" қарымта өткізеді.


  0