Қазақстан құрамасы капитанының әдемі голы ҚПЛ 14-ші турының үздігі деп мойындалды

Доп "Оқжетпес" қақпасына салынды.

Оқырмандар алматылық "Қайрат" және футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның Қазақстан премьер-лигасы 14-ші турында салған голын үздік деп атады.

Алыстан бағытталған соққымен "Оқжетпеспен" ойында есеп ашылған болатын. Бұл голға сауалнамаға жауап берушілердің 50 пайызы дауыс берді. Екінші орында "Тобылдағы" Бауыржан Тұрсынбек болды. Ал үшінші "Ордабасының" бразилиялық легионері Жоао Паолоның голы. 



Сонымен бірге, сауалнамада "Астанадағы" Юрий Перцух пен "Шахтер" ойыншысы Доньет Шкодраның голы да кіргізілген еді.

Қазіргі таңда ҚПЛ-дің турнир кестесінде бірінші "Астана" тұр. Чемпиондардың активінде 35 ұпай. Екінші орында 32 баллмен "Тобыл", ал "Қайрат" үштікте - 28 ұпай. 


  0