Қазақстандық клуб еуропалық командадағы қорғаушысын қайтарып алмақ

Маусым соңында оның келісімшарты аяқталады.

Павлодарлық "Ертіс" сербиялық футболшы Милош Стаменковичті қайтаруға жақын, - деп хабарлайды Vesti.kz. Павлодарлықтардың жаңа бапкері Милан Миланович өз отандасының мүмкіндіктерін біледі, сондықтан оны қорғанысты күшейту үшін алмақ.

Өткен маусым аяқталысымен Стаменкович "Ертістен" кеткен еді. Палодарлық клуб сапында өткізген бір жарым маусымда ол 39 матчте төрт гол салған. 29 жастағы футболшы қыстағы маусым аралығында көкшетаулық "Оқжетпесте" байқауға барған, алайда клуб оны алмады. Осылайша, Стаменкович белгиялық "Сент-Жилуаз" клубына ауысты, команда елдегі екінші дививзионда үшінші болды. Алайда қорғаушыда ұдайы ойын тәжірибесі болмады, өйткені жаңа командасы үшін алты мачта ғана ойнап, бір гол салды. 

Маусым соңында Стаменковичтің "Сент-Жилуазбен" келісімшарты аяқталады, содан кейін ол карьерасын ҚПЛ-де жалғастырмақ.

Айта кетейік, "Ертіс" осы маусымда премьер-лигада тоғызыншы. Бірнеше сәтсіздіктен кейін Димитар Димитров бас бапкер қызметінен босатылған еді.


  0