Еуро-2020 іріктеуіндегі Қазақстанның әлемдегі ең нашар құрамамен ойнына тікелей трансляция

Кездесу Қазақстан астанасында өтеді.

Бүгін, 11 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2020 чемпионатына іріктеу турнирі аясында төртінші матчін өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Михал Билек жаттықтыратын команда Сан-Марино құрамасымен ойнайды.

Кездесу "Астана Аренада" өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 20:00. QazSport арнасы матчті тікелей трансляциялайды.

Үш тур қорытындысы бойынша I тобында тоғыз ұпаймен Бельгия көшбастап келеді, екінші орында алты ұпаймен Ресей және Шотландия, олардан кейін Кипр және Қазақстан (3 баллдан), ал үш рет жеңілген Сан-Марино турнир кестесінде соңғы.

Айта кетейік, ФИФА рейтингінде Қазақстан 116-шы, ал Сан-Марино - соңғы, 211-ші орында.


  0