Еуро-2020 іріктеуіндегі Қазақстан - Бельгия матчіне тікелей трансляция

Ойын Брюссельде өтеді.

Бүгін, маусымның 8-нен 9-на қараған түні футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа 2020 чемпионатына іріктеу туры аясында Бельгия командасымен матч өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Брюссельде өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 00:45-те басталады. QazSport арнасы ойынды тікелей көрсетеді, ал интернеттен матчті мына жерден тамашалай аласыздар.

Бұл матч Қазақстан футболшылары үшін осы жарыс аясындағы үшінші ойын болады. Бұған дейін Михал Билек жаттықтыратын команда Шотландия (жеңіс) және Ресей (жеңіліс) құрамаларымен ойын өткізген. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы есебінде үш ұпай және I тобында төртінші. Алты ұпаймен Бельгия алда келеді. 


  0