УЕФА Чемпиондар лигасындағы ең әдемі он голды атады

Ең үздік гол "Ювентус" пен "МЮ" матчінде тіркелді.

УЕФА-ның техникалық байқаушылар комиссиясы Чемпиондар лигасы биылғы маусымының ең әдемі он голын атады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлап отыр. 

"Ювентус" форварды Криштиану Роналдудың "Манчестер Юнайтедпен" ойындағы голы үздік деп мойындалды. Екінші орында "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессидің "Ливерпульмен" матчтегі голы. Ал үшінші орында "Ливерпуль" ойыншысы Садьо Маненің "Бавария" қақпасына салған добы.







Сонымен қатар, ТОП-10 тізімге Иван Ракитич, Усман Дембеле, Филиппе Коутиньо және Луис Суарес (вбарлығы - "Барселонада"), Лерой Сане мен Рахим Стерлинг (екеі де "Манчестер Сити") және Килиан Мбаппе (ПСЖ) кірді.















Техникалық байқаушылар комиссиясына атақты болған ойыншылар мен бапкерлер кіреді:Томас Шааф (Германия), Петер Рудбек (Дания), Дэвид Мойес (Шотландия), Рауль Гонсалес (Испания), Пэки Боннер (Ирландия), Майкл О’Нил (Солтүстік Ирландия), Гарет Саутгейт (Англия), Роберто Мартинес (Испания), Хинес Мелендес (Испания).

Еске салайық, "Ливерпуль" финалда "Тоттенхэмді" 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының жеңіп алды.




  0