"Реал" бүкіл Испанияның көңілін қалдырды

Клуб маусымды трофейсіз аяқтады.

Испаниялық Marca басылымы мадридтік "Реал" мен "Атлетиконың" франциялық жартылай қорғаушысы Том Лемарды ел чемпионатының өткен маусымында көпшіліктің көңілін қалдырғанын жазады.  

Мадридтік клуб  "Барселонадан" рекордты 19 ұпай артта қалып, чемпионатты үшінші болып аяқтады. Оның үстіне "Реал" 38 матчта 12 рет ұтылып, соңғы 45 жылда ең нашар көрсеткішке түскен.

Ал Лемар "Атлетикоға" 2018 жылы жазда "Монакодан" ауысты. Трансфер құны 70 миллион болған - бұл Примераның өткен маусымындағы ең қымбат трансфері. 23 жастағы хавбек 31 матчте (22 - негізгі құрамда) үш гол салып, үш ассист жасаған.

Еске салайық, "Барселона" (87 ұпай) екінші жыл қатарынан Испания чемпионы атанды, каталондықтар "Атлетикодан" 11 ұпай алда.

Ал "Реал" маусымды трофейсіз аяқтады Еуропа Суперкубогында "Атлетикодан" ұтылды (2:4), Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Аякстан" ұтылып, жарыстан шығып қалды (2:1, 1:4), сонымен бірге, Испания Кубогының 1/2 финал кезеңінде "Барселонадан" (1:1, 0:3) ұтылды.


  0